Жастар Саясаты Орталығы

«Бізге қосыл – дауыс бер» акциясы

Опубликовано 15.04.2015.

12.04.2015 ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті Жастар саясаты орталығы, «Қазақстан жолы» тәрбие – білім орталығының ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен орталық алаңда Семей қаласының жастарына арналған «Бізге қосыл – дауыс бер» акциясы болып өтті. Акция аясында конкурс, концерттік бағдарлама, флешмоб, тағыда басқа әр түрлі іс – шаралар өткізілді.

Іс – шара барысында «Mohito», «Gracia», «Evolution», «JekMan» топтары еркеше билерімен халықтың қошеметіне ие болса, «Мықты ел» жастар қозғалсының ұл – қыздары ерекше жанрда спорттық өнерлерімен көрермендерді таңғалдырды. Акция соңында барша жиналған жастарға тегін фотосессия өткізілді.