ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Ең үздік бөлмесі 2015» сайысы

Опубликовано 23.10.2015.

22.10.2015 ж. Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен Студенттер үйінде «Ең үздік бөлме 2015» сайысы болып өтті. Сайыс ережесі бойынша әр қабаттан 1 бөлме қатысуға өтініш білдіріп, 3 кезеңге бөлінген тапсырмаларды орындады. Сайыстың алғашқы кезеңі «Бөлме тазалығы» бойынша барлық тұрғындар өздерінің  бөлмелерінің таза екенін көрсетіп, жоғары ұпайларға ие болды.

Келесі кезең «Бөлмені безендіруде» өздерінің шығармашылықтарын танытып, үздік шыққан №431 және №101 бөлме тұрғындары алға шықса, соңғы кезең «Аспаздық өнерде» тағы да №101 бөлме тұрғындары мен №216 бөлменің қыздары көзге түсті. Сайыс қорытындысы бойынша №101 бөлменің тұрғындары Калинкина Анастасия мен Лубинская Виктория «Ең үздік бөлме 2015» атағын жеңіп алды!