Жастар Саясаты Орталығы

«Достар» КВН командасы қалалық ойындардың чемпионы!

Опубликовано 22.11.2015.

22.11.2015 ж. Қалалық мәдениет сарайында өткен КВН ойындарының Семей қаласы бойынша чепионатының финалы болып өтті. Ақтық мәреде қаламыздың және аудандардың үздік командалары чемпиондық атаққа таласты. Маусым бойы үздік шыққан 4 команда финалда 4 сайыс түріне түсіп, өзара жеңімпазды анықтады.

КВН ойындарының республикалық Жоғарғы лига финалистері Аягөз құрамасы, Абай ауданының құрамасы, Қазақстан инновациялық университетінің құрамасы «Азия» және КазГЮИУ мақтаныштары «Достар» командалары нағыз финалдық бәсеке көрсете білді. Алғашқы «Сәлемдесу» кезеңінен – ақ «Достар» қарсыластарына дес бермей ең жоғарғы ұпай сандарына ие болып отырды. Нәтижесі, Чемпиондық атақ!

«Достар» КВН командасын шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!