ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Достар» КВН маусымын сәтті аяқтады

Опубликовано 26.11.2015.

25.11.2015 ж. Павлодар қаласында КВН ойындарының «Ертісбойы» республикалық орталық лигасының Финалы болып өтті.

Астана қаласында ағымдағы айда өткен Премьер лига ойындарының финалисті атанған және 22 қараша да ғана болып өткен қалалық чемпионаттың жеңімпаздары КазГЮИУ мақтаныштары «Достар» КВН командасы осы лигаға арнайы шақыртылған болатын. Павлодар лигасы ұйымдастырған ойындардың ширек финалынан бастап ақтық мәре финалына дейін өздерін фаворит етіп танытқан «Достар» жеңімпаз болуға әбден лайық екендерін дәлелдеді. Нәтижесінде Финалдық бәсекенің 4 кезеңінен де максималды жоғары ұпай сандарын жинап, Республикалық орталық лига ойындарының Чемпионы атағына ие болды!

КВН маусымын тамаша жетістіктермен аяқтаған «Достар» КВН командасын шын жүректен құттықтаймыз!
2015 жылғы КВН маусымында жеткен жетістіктер:

Астана қаласы – «Маусымашар 2015» фестивалінде республикалық Премьер лига ойындарына жолдама жеңіп алды;

Өскемен қаласы – қала әкімі Бас жүлдесінің иегері;

Павлодар қаласы – ПМУ ректор кубогының иегері;

Семей қаласы – Қала чемпионы;

Павлодар қаласы – «Ертісбойы» республикалық орталық лигасының чемпионы;

Астана қаласы – Премьер лига Финалисті