28 қараша күні жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні» қарсаңында университетіміздің барлық факультеттерінде «СПИД – ғасыр уы» атты акция ұйымдастырылды.
Акция барысында әрбір оқу ғимараттарында студенттерге таратпа қағаздармен бірге СПИД-ке қарсы белгіні білдіретін ленталар таратылды.
Белсенділік танытып қатысқан студенттердің бұл акциясы «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығында дөңгелек үстелмен жалғасты. Бұл шараға университетіміздің 1 – 4 курс студенттері «Семей қалалық СПИД-пен күрес орталығының» маманы Жанар Нығметқызының жүргізген тренинг–дәрісін тыңдады. Кездесуде студенттік ұйымдардың көшбасшылары мен белсенділері өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды. Дөңгелек үстел барысында СПИД-тің зияны мен таралу жолдары туралы бейнеролик пен слайдтар көрсетілді.
Қазіргі таңда ғаламдық маңызы бар осындай іс-шараны ұйымдастырғандарына КазГЮИУ «Қазақстан студенттері Альянсына» алғысымызды білдіреміз!
Жастар саясаты орталығы