ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕКТОР КУБОГЫ

Опубликовано 01.12.2015.

30 қараша күні «1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күні» мерекесіне орай Ақпараттық-техникалық факультетi және КазГЮИУ «Қазақстан студенттері Альянсы» ұйымдастыруымен студенттiк ұйымдар және окытушылар арасында өткен волейболдан ректор кубогы өз мәресіне жетті!
Аталған турнирге қатысқан 7 команда, олар университетіміздің «КазГЮИУ Жас Отан» ЖҚ, «Үркер» өнер орталығы, КазГЮИУ «Қазақстан студенттері Альянсы», «Қазақстан студенттері Альянсы-2» «Ақ ниет» қайырымдылық қоры, қонақтарымыз «Семей көпсалалы колледжі» және университетіміздің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенұлы бастап келген оқытушылар командасы өте шебер ойын көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша 1 орын «Ректор кубогын» жеңіп алған қонақтарымыз «Семей көпсалалы колледжі», 2 орын «Қазақстан студенттері Альянсы», 3 орын «Ақ ниет» қайырымдылық қоры.
«Үздік ойыншы» номинациясымен 3 ойыншы Шауалиев Дәулет, Аитимов Алишер, Мұхаметкаримов Ерасыл марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды!
1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күні баршамызға құтты болсын! Еліміздің іргесі тыныш, халқымыз аман болсын!!!

«Қазақстан студенттері Альянсы» лидері М. Төкенов