Жастар Саясаты Орталығы

«Ақыл – ойдың қазынасы» акциясы

Опубликовано 21.12.2015.

21.12.2015 ж. «Ақ Ниет» Қайырымдылық қоры ұйымының кезекті іс – шарасы университетіміздегі кітапханада «Ақыл – ойдың қазынасы» атты акциясы өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты: Кітап – адамның рухани байлығы, қазынасы екенін жастардың санасына сіңіру, түсіндіру болып табылады. Сол үшін кітаптарды ұқыпты ұстау, тиімді пайдалану әр кезде де қажет іс екенін жеткізу. Жалпы, кітапханадағы ескі, жыртылып қалған кітаптарды және газет – журналдарды қалыпқа келтіруде ұйым белсенділері өз көмектерін барынша көрсетті.

«Ақ Ниет» ҚҚ ұйымының белсенді жастары барша оқырмандарға білім кілтін кітаптан ізденуге және кітапты ұқыпты қолдануға кеңес береді.