Жастар Саясаты Орталығы

«Қарттар ғұмырын, құрмет ұзартады»

Опубликовано 22.12.2015.

22.12.2015 ж. «Ақ Ниет» Қайырымдылық қоры ұйымы «Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ, «Қарттар ғұмырын, құрмет ұзартады» атты мерекелік кешін өткізді.

«Ақ Ниет» ҚҚ ұйымының бірқатар белсенді мүшелері қарттарымыздың көңілінен шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік кешті ұйым басшысы Алиханқызы Кенже құттықтау сөздерімен бастады. Жүргізуші қыздарымыз ата – әжелерімізді Тәуелсіз мерекесімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, іс – шара барысын әсем сөздермен әрлеп әкетті. Ұйымның өнерлі мүшелері тамылжыта ән шырқап, мың бұралып би билеп, мерекелік көңіл – күй сыйлады.

Осындай кеш ұйымдастырып, қарттарымызға құрмет көрсетуді игі дәстүрге айналдырған «Ақ Ниет» ҚҚ ұйымының белсенді жастары мерекеге жиналған қарттарымыздан ізгі тілектері мен ақ батасын алды.