Түлектер

«Жақсы оқу және университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласу – болашақ қызметтегі жетістік кепілі»

Орақбаев Мақсат Серікұлы – «Заңтану» мамандығы бойынша университеттің 2006 жылғы түлегі.

Мақсат студент кезінде жақсы оқып, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласты, дебаттарға, түрлі ғылыми конференцияларға қатысты, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында универнситеттің «Заң соғарлар» КВН командасы құрамында өнер көрсетті.

Еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданында прокурор көмекшісі ретінде бастады. Кейіннен, Алматы қаласы Бостандық ауданында прокурор және Алматы қаласы бойынша  заңдылықты қадағалау Басқармасында  әлеуметті-экономикалық саладағы прокурордың аға көмекшісі болып қызмет етті.

2012 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаменті экономика саласындағы заңдылықты қадағалау Басқармасында қаржы заңнамасының қолданылуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры болып жұмыс істейді.

«Прокуратура үздігі II степени» және «Прокуратура органдарына 20 жыл» төсбелгісмен марапатталған.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!