Түлектер

«КазГЮИУ — бұл сапалы және қолжетімді білім»

2011 жылы «Заңтану» мамандығын аяқтаған түлегіміз – Адильжанов Ардак.

Ол еңбек жолын университетіміздің философия және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы ретінде бастады. Одан кейін «Фелита» ЖШС директоры болып қызмет етті.

2012 жылы Ардақ мемлекеттік қызметке ауысып Озерский ауылдық округы әкімі болды. Кейінірек, Семей қ. әкімдігі аппаратында наградалар және кадрлық-ұйымдастыру жұмыстарының бастығы болды.

Қазіргі таңда Ардақ Семей қ. Геологиялық барлау колледжінің директоры болып қызмет етеді.

Ардақ 5 жыл Семей қ. маслихаты депутаты болды. Одан бөлек, ол қаламыздың дамуына маңызды үлес қосатын қызметтер атқарды:

  • Семей қ. әкімдігінің консультациялық-кеңесші органының мүшесі;
  • Семей қ. техникалық және кәсіби оқытуды дамыту Кеңесі мүшесі;
  • КазГЮИУ қорғаушылар Кеңесі мүшесі;
  • Семей қ. Нұр Отан партиясының Саяси кеңесі мүшесі.

«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан футболына 100 жыл» және «ҚР маслихатына 20жыл» медалімен марапатталған.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!