Түлектер

«Университет маған ғылымға жол ашты»

«Заңтану» мамандығының 2006 жылғы түлегі – Балғынтаев Асет. 1984 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келген.

Асет жастығына қарамастан PhD докторы болып табылады. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Себебі Асет студент кезінен ғылыммен айналысты.  Ол студенттік шақтарын «Таң атқаннан күн батқанға дейін зерттеумен айналысу – мен үшін бұл өзіндік бір романтика болып табылады. Ол ұмытылмас кездер еді»- деп еске алады Асет.

Университетті бітірген соң ол университетіміздегі қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасында оқытушы және криминалистикалық зертхананың жетекшісі болды.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы доцентінің м.а. болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар, Польша Республикасы Варшавада Халықаралық жаздық мектепте «Адам құқығы және медицина» тақырыбында өткен  оқу курсын тәмәмдаған.  «Қазақстандағы латентті қылмыстарды талдау және зерттеудің теориялық негізі» тақырыбында Ғылым және Білім министрлігі қолдауымен өткізілген жобаға ғылыми қызметкер ретінде қатысты.

Асет елімізде және шетелдерде өткізілген түрлі ғылыми конференцияларға қатысып, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы болды.

Университет тәжірибелі қызметкерлерден бөлек жаңа ғылыми ұрпақ тәрбиелеп шығарды!