Түлектер

 

«КазГЮИУ-ға оқуға түсіп дұрыс таңдау жасадым»

Бейсембин Мақсұт Тлеуғалиұлы – заң факультетінің 2004 жылғы түлегі.

Мақсұт университетте ең үздік студенттердің бірі болды.Оны барлығы тек жақсы жағынан ғана таныды.  Қазақстандық жас заңгерлер қауымдастығының, жас жұбайлар және балалар ұйымдарының белсенді мүшесі болды. Студенттердің ғылыми конференцияларына, халықаралық құқықтан Ф. Джеппап кубогы үшін оқу сот процесстеріне қатысты.

Университетті бітіргеннен кейін Алматы облысы Алакөл ауданы прокуорының көмекшісі болып еңбек жолын бастады. Одан кейін Алматы облысы прокуратурасы сот қаулылары заңдылығын қадағалау және әкімшілік және азаматтық істерді атқару өндірісі басқармасында прокурор қызметіне алынды.

Облыстық прокуратурада азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалайтын бөлімде және Алматы облысы прокуратурасы прокурордан аға прокурорға дейін көтерілді.

Қазіргі уақытта Мақсұт Алматы облысы Талгар ауданы прокуратурасында аға прокурор болып қызмет етеді.

Мақсұт ҚР –да КазГЮИУ-дың дамуына және имиджінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Құрметті түлегі» төсбелгісін алған.

Өзінің еңбекқорлығы және табандылығы арқасында Мақсұт кәсіби қызметінде үлкен жетістіктерге жетті.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!