Түлектер

«Біздің КазГЮИУ – әлемдегі ең үздік деп мақтанышпен айта аламын»

Біздің 2004 жылғы «юриспруденция» мамндығы түлегі Жанболатов Айдын Ғылымтайұлы  1983 жылы 18 қарашада дүниеге келген.

Студент кезінде үздік оқуымен ерекшеленетін. Университет белсенділерінің бірі болды, Қазақстан жас заңгерлер қауымдастығы құрамында, университет КВН командасы құрамында болды. Айдын өз-өзін дамытуды жақсы көретін, ораторлық қабілетін шыңдап республикалық және аумақтық дебат турнирлерінде жүлделі орындар алып жүрді. Айдын – жастарға үлгі боларлық жан.

Айдын университетті бітірген соң «Қазақстан-Семей» телеканалында жүргізуші болып жұмыс істеді. Кейін Астана қаласына көшіп университтетте алған заңи білімін шыңдаумен айналысты. Астанамыздағы сауда-ойын-сауық орталығы құрылысына қатысқан компанияда директор қызметін атқарды.

2009 жылы Айдын Астанада мейрамхана-қонақ үй бизнесін басқаруға шақырту алып оны қабылдады.

Қазіргі таңда Айдын «Сан Мир Астана» ЖШС коммерциялық директоры.

Айдын өзінің Alma mater-ін ұмытқан емес.

Біздің талантты және жан-жақты түлектеріміз ел өмірінің әртүрлі салаларында қызмет етеді. Біз олармен мақтанамыз!

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ