Түлектер

«Университет – бұл өмір мектебі»

Жүнісов Еркебұлан Талғатұлы– заң факультеті «юриспруденция» мамандығының  2004 жылғы түлегі.

Еркебұлан студент кезінде өте белсенді болды, жоғарғы оқу үлгерімі көрсеткіштерін көрсетіп жүрді, оқуда қатарластарына көмектесіп жүретін, футболмен де айналысты. Оқытушылар мен курстастары ол жайлы тек жақсы пікірде болды.

Университетті бітірген соң Еркебұлан ШҚО прокуратура органдарында қызмет етті.

Қазіргі уақытта Акмола облысы прокуратурасында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасында бастық болып қызмет етеді.

2007, 2009, 2010 жылдар қорытындысы бойынша ШҚО прокурорының бұйрығымен Еркебұлан әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалауда облыстағы прокуратура органдары қызметкерлері арасында үздік деп танылды.

2014 жылы ІІ дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2014 жыл қорытындысы бойынша Еркебұлан Акмола облысы прокуроры бұйрығымен әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалауда облыстағы прокуратура органдары қызметкерлері арасында үздік үздік атанды.

2015 жылы Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалелімен және «Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына 75 жыл» мерейлі медалімен, «Қазақстан патриоты» медалімен марапатталды.

Табыстың кілті қарапайым: тәртіп, үздік оқу және өз-өзіңді дамытып отыру.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!