Түлектер

«КазГЮИУ болашақты жоспарлауды үйретеді»

Біздің заң факультетінің түлегі Идрышев Марат университеттегі студенттік өмірін еске ала отырып, осылай дейді. Себебі Марат университетте оқып жүрген кезінде оқуға көп көңіл бөлген және оқу оның өмірінің бір бөлшегіне айналған.

Үздік дипломмен университетті аяқтаған соң Марат келесі қызметтерді атқарған: Семей қ. әкімдігінде мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыстар бөлімінде маман, мемлекеттік мүлік және приватизация департаментінің  заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінде бас маман, ҚР Әділет министрлігінің бюджет және әлеуметтік заңнама, экологиялық және шаруашылық қызмет саласындағы заңнама басқармасында бас маман, республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын Есеп комитетінде консультант.

Қазіргі таңда Марат «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығында» нормативтік құқықтық актілер жобаларын талдау департаментінің директоры қызметін атқарады.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!