Түлектер

«КазГЮИУ дипломы – жетістікке бастар жол»

Камбелова Улпан Уатжановна – «Филология: Қазақ филогиясы» мамандығы бойынша 2010 жылдың түлегі.

Студенттік жылдары Улпан университтің қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысты, қалалық, облыстық конференцияларға қатысып, жүлдері орындарға ие болды, студенттердің өзін – өзі басқару ұйымының мүшесі болды, қалалық көркемөнерпаздар сайысының сахналық көріністерінде бірнеше рөлдерді де сомдады. 2010 жылы қалалық ХІІІ Оралхан Бөкей оқуларында университет намысын қорғап, бас жүлдені жеңіп алды. Университетті үздік дипломмен тәмамдады.

2010 жылы Құқық және бизнес колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі ретінде өз қызметтік жолын бастады. Колледжішілік ұстаздар сайысында жеңіске жетіп, екі жыл қатарынан «Үздік жас ұстаз» атағына ие болды.
2013 жылы облыстық «Үздік педагог» сайысына қатысып, «Жас педагог» номинациясы бойынша І орынды иеленді.
Осы жылы республикалық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2013 жылы ШҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткізілген облыстық байқауының «Шығармашылық леп» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.

2014 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі ретінде жұмыс істеп келеді. 2015 жылы мектепішілік «Үздік мұғалім» байқауында І орынға ие болып, республикалық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында ұйымдастырылған «Жыл мұғалімі» сайысына қатысты. Сайыста лауреат атанып, дипломмен марапатталды.

Улпанның шәкірттері қалалық, облыстық олимпиадаларда өз бақтарын сынап жүр. 2014 жылы «Жарқын болашақ» облыстық қазақ тілі олимпиадасының «Шығармашылық эссе» кезеңі бойынша Улпан дайындаған оқушы ІІІ орынды иеленді.

КазГЮИУ түлектері ұлт болашағы – жастарды тәрбиелеуде өз үлесін қосуда.