Түлектер

«Мен  КазГЮИУ-да оқығаныма мақтанамын!»

Курмангалиев Жасұлан Медешұлы – «Заңтану» мамандығы бойынша 2013 жылғы түлегіміз.

Жасұлан студент кезінде белсенді болды, «Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қорының ақпараттық-құқықтық секторының басшысы,  КазГЮИУ-дағы «Жас Отан» жастар қанаты қаржы басшысы. Шығармашылықпен айналысқан, университеттің бейресми әнұранының авторы.

Университетті бітірген соң Семей қ. Әділет басқармасында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта 70 000 жазылушылары бар «ГОРОД F» аймақтық ақпараттық – ойын-сауық порталының администраторы, қоғам қайраткері, «Нұр Отан» партиясы жанындағы партиялар тобының делегаты және Семей қ. Әкімінің Салимов Ермак Бидахметұлының кеңесшісі.

Жасұлан бірнеше қалалық іс-шаралар өткізді: тазалық эстафеталары мен жалпықалалық сенбіліктер, қалада алғаш рет «Каляскалар шеруін» ұйымдастырды, ағаштардағы бөс бөтелкелерді жинау жұмыстарын ұйымдастырып, жаңа үйленгендерге ағаш отырғызу дәстүрін енгізді, егде жастағы адамдарға және аяғы ауыр әйелдерге қоғамдық көлікте орын беру жайлы жарнамалық парақшаларды жапсыру, Абай к.сі бойындағы «Ақылдылық қабырғасына» сурет салуға атсалысты, жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанында жаппай тал отырғызуды ұйымдастырды. Бұл Жасұлан ұйымдастырған іс-шараларының толық тізімі емес.

Жасұлан туған қаламыз Семейдің патриоттарының және имиджмейкерлердің бірі. Бұлардың барлығын Жасұлан қаламызды жақсарту және көріктендіру үшін, ең бастысы, қалалықтардың жағдайын жақсарту мақсактында жасап жүр.

Қазір Жасұлан қалада «Отбасы Аллеясы» парктік зонасын жасауды және қаладағы қоғамдық көліктер мен аялдамаларды жаңартуды жоспарлауда.

Түлектеріміздің бастамаларына сәттілік және табыс тілейміз!