Түлектер
kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ

«Түлектер табысты корьераға қажетті дағдыларды университет қабырғасында алады»

Мукамбаев Жандос Жасанұлы — университетіміздің «Заңтану» мамандығы бойынша 2010 жылғы түлегі.

Жандос студент кезінде жоғарғы оқу үлгерімімен ерекшеленген, университеттің түрлі қоғамдық іс-шараларына қатысқан. Одан бөлек, ол шет тілдерді үйренуге көп көңіл бөлді, студент кезінде АҚШ-қа тілдер курсына барып қайтты.

Жандос еңбек жолын Астана қаласындағы халықаралық студенттерге арналған бағдарламалар агенттігінің басты координаторы ретінде бастады.

Кейін бірнеше жыл Қорғаныс Министрлігінің «Казспецэкспорт» республикалық мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Жандос Астана қаласы бойынша офистерді жалға беру бизнесімен айналысатын «Astana Golden» ЖШС-де атқарушы директор қызметін атқарады. Және де Жандос еліктеуге лайықты салауатты өмір салтын ұстанады.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!