Түлектер

«КазГЮИУ-да оқу  – кепіл, сенімділік, табыс»

Онғаров Бауыржан –  заң факультетінің 2004 жылғы түлегі.

Бауыржан студент кезінде «өте жақсы» деген бағаға оқыды, көптеген студенттерге үлгі бола білді, «Брэйн ринг» интеллектуалды ойындарының бірнеше рет қатысушысы және жеңімпазы.

Университетті бітіргеннен кейін Астана қаласының түрлі ұйымдарында заңгер болып жұмыс істеді: «НарБи заңгерлік компаниясы» ЖШС, Республикалық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары штабы, «Айсель Қазақстан құрылыс компаниясы» ЖШС, «ARCADA» компаниялар тобы.

Одан кейін «Parsec Development» ЖШС «Астыкжан» офистері және сауда орталықтарының басшысы қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта Бауыржан «ҚазМұнайГаз» компаниясының «KMG-Security» ЖШС-де құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры орынбасары болып қызмет етеді.

Бауыржан «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Құрметті түлегі» төсбелгісімен марапатталған.

Түлектеріміздің табысты болуы және жетістікке жетуі еңбек пен  жақсы оқудың  нәтижесі!

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!