Түлектер

«Университетте білім алу–  болашаққа салынатын капитал»

Садырбаев Айдар Серікқазыұлы  – университетімізді «тарих» мамандығы бойынша 2009 жылы аяқтаған түлегіміз

Айдар студент кезінде өз факультетінің көшбасшысы болған және университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысқан. Төменгі курстар үшін үлгі бола білген Айдардың көмегінсіз бір де бір іс-шара өтпеген. Сонымен қатар, ол шығармашылық адамы – домбырада ойнап, кітап оқып және бос уақытында ағаш жонумен айналысқан.

Еңбек жолын ШҚО Бородулиха ауданы Переменовка ауылы орта мектебінде тарих пәнінен мұғалім болып бастаған. Инструктор, жетекші маман, Бородулиха ауданы ішкі саясат басқармасында бас маман, ШҚО  ішкі саясат басқармасында бас маман, ШҚО Семей қ. ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет еткен.

Айдар 28 жасында «Семей қ. ішкі саясат бөлімінің» басшысы болды.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталған.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!