Түлектер

«Университет өмірдің қиын жағдайларында күресуді үйретті»

КазГЮИУ-ды 17 жыл тарихында он мыңдаған түлектер тәмәмдады. Олардың көбі өз кәсіби қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетті. Біздің университетімізде оқу олардың карьераларына оң әсерін тигізді. «Заңтану» мамандығының 2008 жылғы түлегі Сарсебаев Жасұлан солардың бірі болып табылады.

Жасұлан университетте жоғары бағамен үздік оқыды, қала мен университеттің қоғамдық өміріне белсене араласты: Қазақстандық Жас заңгерлер қауымдастығының филиалын басқарды. Өз құрдастары арасында көшбасшы болды.

Университетті бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметке жұмысқа алынды.

Кезінде ШҚО Ішкі саясат басқармасында маман болып жұмыс істеді, ШҚО Мәдениет басқармасын  төрағасының орынбасары, ШҚО жастар саясаты жөніндегі басқарма төрағасы, ШҚО ішкі саясат басқармасы төрағасы орынбасары болды. Қазір ШҚО туризм және ішкі экономикалық байланыстар басқармасы төрағасы болып қызмет етеді.

Сонымен қатар, Жасұлан ШҚО жас мемлекеттік қызметкерлер қауымдастығы Төрағасы қызметін атқарады.

Жасұлан білім алып, өзін дамытуына айтарлықтай үлес қосқан университетін ешқашан ұмытқан емес. Семей қаласына келген сайын уақыт тығыздығына қарамастан университет қабырғасына келіп, түрлі іс-шараларға қатысып, жастармен әнгіме жүргізіп отырады. Университет басшылығымен де оқытушылармен де қарым-қатынас жасап тұрады. Осылайша жастарға үлгі болып жүр.

Барлық адамдар сияқты Жасұланның да өз қызығушылықтары және хоббиі бар. Ол деректі фильмдер түсіру және видеоларды монтаждау, сондай-ақ парашютты спортпен айналысады.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз.