Түлектер
kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ

«Университет – мүмкін еместі мүмкін ететін өмір мектебі»

КазГЮИУ өмірде мүмкін емес нәрсе болмайтынын және кез-келген мақсатқа қол жеткізуге болатындығын өмір тарихтары көрсеткен бірегей тұлғаларға бай. Сондай таланттылардың бірі аты мәңгілік университет жадында қалатын 2008 жылғы «Заңтану»  мамандығының түлегі Адлет Смагулов.

Мектепте оқып жүрген кезінде Адлет оқу үлгерімі жағынан да тәртібі жағынан да үлгілі балалардың қатарында болмағандығын айта кету керек. Соның өзінде Адлет студент боп жүрген кезінде өзіне сенім артқан адамдардың арқасында өмірін түбегейлі өзгертіп, керемет жетістіктерге жетті.

Біріншіден, университетте курстастары арасында жоғары оқу үлгеріміне ие бірыңғай үздік бағамен оқитын балаға айналды.

Екіншіден, ол ғылыми жұмыстармен белсенді айналысып, көптеген ғылыми мақалалар жазды, республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, дебаттар мен олимпиадаларға қатысты.

Үшіншіден, ол өзін университет өміріндегі көшбасшы ретінде көрсете білді. Адлет келесі жауапты қызметтерді атқарды: Студенттер одағының төрағасы, дебат клубының төрағасы,Қазақстандағы  Студенттері альянсының КазГЮИУ-дағы көшбасшысы, «Азамат» ғылыми клубының төрағасы және т.б.

Төртіншіден, Адлет 18 жасында өзінің жеке «SM-COMPANY» ЖШС заң фирмасын ашты, одан соң 19 жасында оны «Kazakhstan Investments Business Group» ЖШС –не заңгер ретінде жұмысқа шақырды.

2008 жылы Адлет университетті бітіріп, қызыл дипломы мен көптеген мадақтау қағаздарын алып Астананы бағындыруға кетті. Еңбек өтілінің аздығынан бас қалада жұмыс табу әрине қиын болды. Дегенмен, ол өзінің мақсатына ұмтыла білетіндігі және жеңіске деген құлшынысы, айтқанынан қайтпайтын мінезімен ол мақсатына жетті.

2008 жылдан бастап ол «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «ҚазМұнайТениз»АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы сияқты ірі компания, холдингтерде жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Адлет ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚР-да  кіші және орта бизнесті қолдау жобасын іске асырып, «Kazakhstan Consulting Center» ЖШС директоры болып табылады. Одан бөлек, «Заңнамаларды сараптау ғылыми-зерттеу институты» Төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Адлет спорт қызығушылықтарының ішінде үлкен тенниспен айналысады.

Университет қабырғасында міне осындай тұлға қалыптасты.