Түлектер

«КазГЮИУ-да оқыған жылдарым мен үшін өмірдегі үлкен мастер-класс болды»

КазГЮИУ студент-түлектері көптеген салаларда қызмет етуде.  Солардың бірі республикамыздың қаржы саласында қызмет етіп жүрген 2008 жылғы «Заңтану» мамандығын аяқтаған Төлеужанов Бақытжан.

Оқып жүрген кезде Бақытжан жоғары оқу үлгерімімен көзге түсті, және де университеттің мәдени және қоғамдық өміріне белсене атсалысты. Ол еңбекқорлығымен, қабілеттілігімен ерекшеленетін.

Бақытжан университетті бітіргеннен кейін конкурстан өтіп, сот орындаушылардың ШҚО Семей территориалды бөлімінің Әкімшілік соттарының мемлекеттік сот орындаушысы қызметіне орналасты. Кейінірек Бақытжан несие өндіру және тексеріс бөлімінде заң кеңесшісі болып жұмыс істеді. Ал 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Семей қ. «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-да тексеріс және несие өндіру бөлімінің бастығы болып қызмет етеді.

Өзінің еңбекқорлығының және мақсатына деген ұмтылысы арқасында Бақытжан жеке сот орындаушысы лицензиясын алды.

Бүгінде Бақытжан өз ісінің шебері. Бұл еңбекқорлықтың жемісі.