Түлектер

«Сапалы білім – табыстың кілті»

Тұрарова Сауле Ерболқызы– заң факультеті «юриспруденция» мамандығының  2003 жылғы түлегі.

Сәуле студент кезінде үздік оқыды, КазГЮИУ-дағы «Өркениет» дебат клубының негізін салушылардың бірі. 2001 жылдың үздік студенті атағын алған, «Үздік спикер» номинациясын бірнеше рет алған, ҚР Мәдениет министрлігінен мақтау қағазын алған. Америкалық заңгерлер қауымдастығында тренинг курсынан өткен, Қазақстан жас заңгерлер қауымдастығы мүшесі.

Сәуле студент кезінен Семей қ. Адвокаттар алқасында адвокат көмекшісіболды және білімі, еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында адвокаттық лицензия алды.

Университетті бітіргеннен кейін өндірісте заңгер болып еңбек жолын бастады, одан соң «Пивоваренный завод АСЕР» ЖШС-де заң бөлімінің бастығы болды.Кейін Астана қаласындағы «Казахстанская Промышленная Корпорация» ЖШС заң бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Және де «Қазақстан кәсіпкерлері одағы» жанындағы Аралық соттың судьясы болып табылады.

Қазіргі уақытта Сауле Астана қаласындағы «DOSTAR VILLAGE» тұрғын үй-құрылыс кооперативінде басқарма директоры болып жұмыс істейді. Оның негізгі қызметі: құрылыстағы заңгер, шарт құқығы, корпаративті құқық, жер мәселелері бойынша сұрақтар.

Үздік оқу, белсенді өмірлік позиция – үлкен табыстарға жеткізетіндігін Сәуленің өмірлік жолы дәлелдейді.

Біздің түлектер ең үздік! Біз түлегімізбен мақтанамыз!