Түлектер

«КазГЮИУ – бұл барлық уақытта табысты бренд»

Санат Шогелов – заң факультетінің 2014 жылғы түлегі.

Санат оқып жүрген кезінде өзін білім деңгейін көтеруге талпынып жүрген қабілетті студент ретінде көрсете білді. Университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласты.

«Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қорында ерікті болып жұмыс істеп, кейін қор басшысы болды. Семей қ. жастары арасында әлеуметтік және құқықтық білімді насихаттауға, студенттер мен оқушылардың заңи мәдениетін көтеруге және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына атсалысты.

Санат студенттер арасында республикалық және аймақтық ғылыми конференциялар, конкурстар, турнирлер олимпиадалар, дөңгелек үстелдер өткізуге,  жастардың бос уақытын ұйымдастыруға, заң клиникасында әлеуметтік жағдайы төмен халыққа тегін  құқықтық көмек көрсетті.

«Жас заңгерлер мектебі» бағдарламасы бойынша тренинг курсын бітірді. ШҚО жастар істері Кеңесі құрамында болды.

Қазіргі уақытта Санат «КазГЮИУ түлектер қауымдастығының» атқарушы директоры болып қызмет етеді.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!