Түлектер

«КазГЮИУ Қазақстанда құқықтық мемлекет құруға үлкен үлес қосты»

Берік Уәли ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІН «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

1997 жылы өз еңбек жолын бастап, Берік Уәли «Таң», «НТК», «31 канал», «Хабар» телекомпанияларында жұмыс істеді.

«Аманат» интеллектуалды клубын, «Нұр Медиа» антикоррупциялық медиа-орталығын басқарды.

2012 жылдан бастап ОҚО әкімі аппараты бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды және баспасөз қызметін басқарды. Сонымен қатар, ОҚО Дін істері басқармасы және Ішкі саясат басқарма бастығы болды.

Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, министр кеңесшісі болып қызмет етеді.

Берік Уәлидің жеткен жетістігі – жастарға нағыз үлгі! Біздің жастарымыз өмірдің әр саласында жетістікке жетіп, «Мәнгілік ел» құруға өз үлестерін қоса берулеріне тілектеспіз!

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!