Түлектер
kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ

«Мен Alma mater-мен мақтанамын»

Біз университетіміздің көптеген түлектерінің кәсіби қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетіп, тұлға болып қалыптасқандарына қуаныштымыз. Сол түлектердің бірі 2004 жылы бітірген – Ринат Кемешов.

«Заң тану» мамандығы бойынша университетті бітіргеннен кейін Ринат өзінің бағалау қызметі саласындағы компетенциясын кеңейтті. Кезінде банк саласында бас маманнан бастап, «SERT» тәуелсіз бағалау компаниясы өкілдігінің директоры, осы компанияның Астана қаласындағы филиалы директоры болыпжұмыс істеді. Бүгінде Ринат «КАЗАГРОФИНАНС»  АҚ кепіл және лизинг Департаменті директоры.

Ринат негізгі қызметінен бөлек өзінің университетімізде оқып жүрген кезіндегі қызығушылықтарын да ұмытпайды. Ол КВН командасы құрамында болды,  дебаттарға қатысты, жергілікті телеканалдарда бағдарлама жүргізушісі болып жүрді.

Қазіргі таңда Ринат «КАЗАГРОФИНАНС» АҚ ресми өкілі болып табылады және республикалық маңызы бар конференцияларда және брифингтерде спикер ретінде қатысады. Ринатты Қазақстандық пресса беттерінен және телеканал эфирлерінен жиі кездестіруге болады.

ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің “50 лет целине” медалімен марапатталған.

Ринат ҚР –да КазГЮИУ-дың дамуына және имиджінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Құрметті түлегі» төсбелгісін алған. Осындай кадр біздің унивеситетімізден шыққанына біз қуаныштымыз!

Интервьюға сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=imv-ehAerE8
https://www.youtube.com/watch?v=b2zhoqqvrfY