Түлектер

«Мен КазГЮИУ-дағы студенттік өмірімді қуанышпен еске аламын»

Бaйжігітoв Рaмиль Aлимхaнұлы – 2006 жылғы «юриспруденция» мамандығының түлегі.

Студент кезінде Рaмиль «өте жақсы» деген бағаға оқып, алған білімін жетілдіруге тырысып, көп еңбектенетін.Түрлі республикалық және аймақтық дебат турнирлерінде университетіміздің намысын қорғап жүрді. Семейдегі «Қазақстандық жас заңгерлер қауымдастығы» филиалының белсенді мүшесі болды. Халықаралық құқықтан Ф. Джессап кубогі үшін өткен оқу сот процесстеріне қатысты, түрлі ғылыми конференцияларға қатысты.

Рaмиль еңбек жолын сот приставы ретінде бастады, одан соң Астана қаласы сотында бас маман болып жұмыс істеді. Кейіннен, ҚР Әділет Министрлігі Заңи көмек беру ұйымдары және тіркеу қызметі Департаментінің бас сарапшысы болды.

Қазіргі таңда Рaмиль ҚР Әділет Министрлігі заңнамалар Департаментінде экономика, бюджет заңнамалары басқармасының меңгерушісі болып қызмет етеді.

Астана қ. Соты Төрағасының, ҚР Әділет Министрінің, Республикалық нотариаттық палата Төрағасының Алғыс Хаттарымен және Мақтау қағаздарымен марапатталған.

Бұдан бөлек, Рaмильдің адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!