Түлектер

Сұлтанов Руслан Айтбекұлы

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 29.01.2016.

«КазГЮИУ – жоғары дәрежедегі кадрлар даярлайтын оқу орны»

Руслан Сұлтанов – 2006 жылғы «юриспруденция» мамандығының түлегі.

Руслан студент кезінде үздік оқыды, университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласты, дебаттарға, ғылыми конференцияларға қатысты, Америкалық заңгерлер қауымдастығы өткізген тренингқа қатысты, Қазақстандық жас заңгерлер қауымдастығы құрамында болды.Университеттің «Заң соғарлар» КВН командасы құрамында университет намысын қорғады.

Еңбек жолын ҚР Қарулы Күштерінің Әскери полиция басқармасында тергеуші болып бастады.

2010 жылдан бастап Астана қ. «Қазіргі заманғы құқық» заңгерлік компаниясында директор болды.

Қазіргі уақытта Руслан «Мұнай және газ ақпараттық-сараптау» АҚ-да басшылық қызмет атқарады. Одан бөлек, Астана қаласында халықаралық және аймақтық деңгейде заңи көмек көрсететін «Азиз-Груп» ЖШС-де директор болып қызмет етеді.

Біздің талантты және жан-жақты студенттеріміз еліміздің іскерлік өмірінің әр  саласында қызмет атқарады. Біз олармен мақтанамыз!