Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық ынтымақтастық

Опубликовано 02.03.2016.

Шетелдік ЖОО-мен әріптестік байланысты орнатуда, Университеттің стратегиялық дамуына сәйкес, Ақпараттық-техникалық факультеттің, Информатика және математика кафедрасында ақпан айының 23 мен 27 аралығында 3 курс студенттеріне Т.Ф.Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінен арнайы шақырылған, техника ғылымдарының кандидаты Ванеев Олег Николаевич «Мәліметтер қорын программалау» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үштұғырлы тілдер туралы идеясын ескере отырып, курс тек орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жүргізілді.
Сонымен қатар, Ванеев О.Н. кафедра оқытушыларының біліктіліктерін жоғарылату мақсатында «Мәліметтер қорын программалау» бойынша 36 сағаттық курс өткізді.