Жаңалықтар

Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Тәуелсіз мемлекет құрудағы Қазақстандық моделі: жетістіктері мен даму келешегі»

Опубликовано 04.03.2016.

2016 жылдың 1 наурызында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «Тәуелсіз мемлекет құрудың Қазақстандық моделі: жетістігі мен даму келешектері» 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президент Жолдауы шеңберінде» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелік үстелге ШҚО, Семей қаласының Әділет басқармасынан, «Қазақстан жастарын қолдау» қоғамдық бірлестігінен қонақтар, студенттер мен заң факультетінің оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты XXI ғасырдағы тәуелсіз Қазақстанның дамуының стратегиясы мен Ұлт лидерінің мемлекеттік бағдарламасын қолдау. Тәуелсіз мемлекеттің құндылығы Қазақстан халықтарының бірлігі.
Дөңгелек үстелге қатысушылары қазіргі кездегі мемлекетіміздің даму мүмкіндіктерін талқылады. Осы мақсатттарды жүзеге асыру үшін келесі бағытттарға ерекше көңіл аудару керек:
Қазақстанның демократизмі мен дамуына жету үшін мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды насихаттау;
Қазақстандағы белгілі бір мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың құндылығын насихаттау;

Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды жүзеге асыруға қатысу.

Дөңгелік үстелдің қорытындысы бойынша резолюция қабылданды