Жаңалықтар

Қаржы-экономикалық факультетінде ресейлік ғалымдардың дәрістері

Опубликовано 04.03.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті мен Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбас мемлекеттік техникалық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық және академиялық мобильділік туралы келісім-шартты жүзеге асыру шеңберінде 2016 жылдың 23 ақпаны мен 3 наурыз аралындағы 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары» курсы бойынша э.ғ.к. Т.А.Тюленева және 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В050600 «Экономика» мамандықтарына «Мемлекеттік және муниципалды басқару» кафедрасының профессоры Вольфсон Эдуард Николаевич арнайы шақырылды.

Дәріс бағдарламасында халықаралық стандарттар бойынша қаржылық есептің қалыптасуының жалпы ережелері, жеке және шоғырландырылған есепті қалыптастырудың негізгі қағидалары, халықаралық стандарттарға сәйкес жекелеген активтер мен міндеттемелер бойынша есептілікті танудың тәртібі, сондай-ақ, халықаралық стандарттар бойынша есептіліктің көрсеткіштерін талдау сұрақтары қарастырылды.
Сабақ барысында мемлекеттің шетелдік басқару жүйесінің сұрақтары қарастырылды. Студенттер мен магистранттар әр түрлі елдердің экономикасын Қазақстан экономикасымен салыстырмалы түрде талдау жасауға тырысты. Олар сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің сан қырлы сұрақтарына өз ойларын ортаға салып, дәрістің жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты.
Дәріс соңында барлық тыңдаушылар сертификаттармен марапатталды.