Жаңалықтар

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ» атты II облыстық ғылыми және ізденіс жобалар байқауы

Опубликовано 09.03.2016.

2016 жылы 4 наурызда Семей көп салалы колледжі «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ» атты II облыстық ғылыми және ізденіс жобалар байқауын өткізді.

2016 жылы 4 наурызда Семей көп салалы колледжі қала және ауыл мектептерінің оқушыларының қатысуымен «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ» атты II облыстық ғылыми және ізденіс жобалар байқауын өткізді. Информатика және математика кафедрасының аға оқытушысы Рахматуллина З.Т. нақты ғылымдар секциясының әділқазылар мүшесі ретінде шақырылды. Байқауда әртүрлі тақырыптағы жобалар ұсынылды. Оның ішінде 3DS Max бағдарламасын пайдалану, компьютерлік модельдеудің болашағы атты тақырыптар.
Қорытынды сөзінде Рахматуллина З.Т. мектеп оқушыларына біздің кафедраның 5В060200 «Информатика», 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарымен таныстырып өтті.
Семей көп салалы колледжінің әкімшілігіне алғысымызды білдіре отырып, ары қарай да кәсіби бағыт беру іс-шараларын бірігіп өткіземіз деген сенім білдіреміз.