Жаңалықтар

Семейде шешендік өнер орталығы ашылды

Опубликовано 10.03.2016.

Инновациялық орталық қаладағы №37 мектеп-гимназияда жұмыс істейді. Оны ұйымдастырған – халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университеті.

Орталыққа белгілі қоғам қайраткері, қазақ тілінің жанашыры Бәтташ Сыдықұлының аты берілді.

Ардақты азамат 90 жылдары қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін бірнеше мекемелердің ашылуына тікелей себепкер болған. Қандай биік қызметтерде жүрсе де, ана тілі мен қазақ мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.

Мұнда шешендік өнердің қыр-сыры, жыраулар мен билердің дана сөздері, әділ шешімдері жан-жақты дәріптелетін болады. Бұл бағытта мектеп ұстаздары мен университет ғалымдары бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты.

Қайнар көз khabar.kz сайты