11.03.2016ж ҚазИГЗУ студенттер үйі мекемесінде қолданбалы биология кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай студенттер үйінің қыздары арасында «Қыз сыны» атты сайыс өтті.
Әділқазылар мүшелерінің құрамында ақпараттық–техникалық факультеттің деканы, п.ғ.к. – Мақамбаев Мұрат Болатұлы, қолданбалы биология кафедрасының меңгерушісі, доцент Қыдырмолдина Айнур Шаймуратқызы, кафедра профессоры, б.ғ.к. – Байғапанова Рауза Жакупбекқызы және жастар саясаты бөлімінің маманы, Рымбек Бауыржанов болды. Г-315 тобының студенті. Нурпеисова Мадина бірінші орынды, қаржы экономика факультетінің ЭФ-221 тобының студенті Ғафиз Мейірім екінші орынды және Г-325 тобының студенті Садыкова Эльмира үшінші орынды иеленді. Жүлделі орынға ие болған үш сайыскер арнайы сыйлықтармен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.