Жаңалықтар

ҚазИГЗУ ЗФ ҚҚП кафедрасының ПОҚ теория мен тәжірибені байланыстыруы жалғасуда

Опубликовано 16.03.2016.

2016 жылдың 6 қаңтарында жарияланған ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында, екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиіс екендігі айтылған.

Осы мақаланың бағыттарын жүзеге асыру барысында, ҚБК мүшелері (қоғамдық байқау  комиссиясы) кезекті  ҚР ШҚО Семей аймағы бойынша ОВ 156/16 мекемесіне барып қайтты. Сонымен бүгін, 2016 жылдың 14 наурызы, ҚБК мүшесі болып табылатын, ҚҚП кафедрасының ПОҚ теория мен тәжірибені байланыстыру мақсатында, заң факультеті «құқық қорғау қызметі» мамандығының 313-топ студенттерімен, құрамында: Жұмабеков Нұрым, Думан Дидар, Таупбекова Ботагөз, Тулеутаева Мадина, Уалиева Айгерім, Шалғынбаева Қымбат, Оспанова Асель ҚР ШҚО ҚАЖД ОВ-156/16 мекемесіне барды.    Онда, «ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәні бойынша «Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде сотталғандардың құқықтық жағдайы» тақырыбында жолсапарлық ғылыми-тәжірибелік  семинарын өткізді. Студенттердің семинарға қатысу барысында, сотталғандарды ұстау тәртібімен танысты, ҚазИГЗУ ЗФ ҚҚП кафедрасының оқытушылардың сотталушыларға берген заңи кеңестерін тыңдады,   сол мекеменің қызметкерлеріне сұрақтарын қойды,  жауаптарында осы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі, яғни қоныс колониясы туралы теориялық білімдерін тәжірибелік қызметпен байланыстыру және жүзеге асыру жөнінгде толық ақпараттарын алды. Сондай-ақ әкімшілік ғимараттың ішкі тәртіп ережесімен, жатақханамен, асханасымен, спорт алаңымен және т.б. шаруашылық құрылыстармен танысты. ҚазИГЗУ ЗФ ҚҚП кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессоры Е.К. Утебаевпен бірге, ҚҚП кафедрасының аға оқытушылары, құқықтану магистрлері: Д.Р. Рсымбетова, С.С. Стамгазинова, Р.Х. Темиргазин қатысты.