Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері мен даму алғышарттары» атты ғылыми-тәжірибелік семинар

Опубликовано 17.03.2016.

2016 жылдың 15-наурызында «Қаржы және есеп» кафедрасында «Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері мен даму алғышарттары» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері мен даму алғышарттарын айқындау және талқылау.

Іс-шараға меншіктің түрлі нысандарындағы кәсіпорындардан жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Олардың қатарында «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ, «Семей КЭШ» ЖШС, «Силикат зауыты» ЖШС, Семей қаласының Білім бөлімі, ҚМКК «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттау басқармасының «Еңлік-Кебек» кинотеатры», Татар мәдениет мектебі, КММ «№15ЖББОМ», КММ «№28 ЖББОМ».

Семинарға қатысушыларды қарсы ала отырып, модераторлар Құрманбаева С.Т. және Шаяхметова Л.М. семинардың мақсатымен, міндеттерімен таныстырды, кіріспе сөз «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Турдиева З.М. ұсынылды, ол профессорлар-оқытушылар құрамымен таныстырып, табысты жұмысқа тілектестік білдірді.

Семинар барысында шақырылған кәсіпорындардың өкілдері баяндамамен сөз сөйледі. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп және аудиттің өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік белгілер табысталды.