Жаңалықтар

” Қазақстанның дағдарысқа қарсы даму мүмкіндіктері” тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар

Опубликовано 24.03.2016.

2016 жылғы 17 наурызында “Қаржы экономикалық” факультеті ” Экономика және менеджмент” кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен профессорлық-оқытушылар арасында ” Қазақстанның дағдарысқа қарсы даму мүмкіндіктері” тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға арнайы қонақ ретінде

  1. «Атамекен» кәсіпкелердің ұлттық палатасының директоры – Адильжанов А.А.
  2. «Сауле» ЖШС бас бухгалтері  – Бауедимова Т.
  3. Проректор по НиМС, з.ғ.к. Кайшатаева А.К.

Сондай-ақ семинарға “Қаржы-экономикалық” факультеті деканының орынбасары  Молдажанов М.Б., ” Қаржы және есеп” кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы З.М.Турдиева және факультеттің профессорлық-оқытушылар тобы қатысты.

Аталған семинардың модераторлары кафедраның аға-оқытушылары : Узбаканова Ш.Б. және  Калдыбаева Д.О.

Семинарды құттықтау сөзімен “Экономика және менеджмент” кафедрасының меңгерушісі м.а., э.ғ.к Р.Ш.Тахтаева ашты.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Ш.Б.Узбаканова қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасына әлемдік дағдарыстың ықпалы жайлы қатысушыларды қысқаша ақпаратпен хабардар етті

Семинардың келесі кезеңі қатысушылардың қатысумен өтетін  интеллектуалдық ойынға ұласты.

Ғылыми-әдістемелік семинар факультет оқытушыларының арасындағы диспут болды. Диспут тақырыбы: «Шығу жолдарын іздеу». Әр топ мүшелері аталған тақырып аясында өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салды. Диспут тақырыбы өте қызу талқыланды. Семинарға қатысқан топ мүшелері  мақтау қағаздарымен марапатталды.

Барлық қонақтар алғыс хаттарымен, ал қатысушы оқытушылар арнайы сертификаттармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Ғылыми-әдістемелік семинар жоғарғы деңгейде өтті.