Жаңалықтар

Жоғары оқу орындары мен колледждердің экономика пәндерінің оқытушылары біліктілікті көтермелеу курсын өтті

Опубликовано 25.03.2016.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты «Қаржы және есеп» кафедрасымен бірлесе отырып 2016 жылдың 14 наурызынан 23 наурызы аралығында «ЖОО мен колледждерде экономикалық пәндерді оқытудың әдістемесі» модулі бойынша ЖОО мен колледж оқытушыларына арналған біліктілікті жоғарлату курсын өткізді.

Курсты кафедраның тәжірибелі оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, ҚазИГЗУ доцент Ж.Т. Атабаев өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – білім сапасын жоғарлатуды қамтамасыз ететін инновациялық білім технологияларын қолдану арқылы экономикалық пәндерді оқытудың деңгейін жоғарлату табылады.

Курсқа «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары, Семей мен ШҚО колледждердің оқытушылары қатысты.

Курсты оқыту барысында экономикалық пәндерді оқытудың интерактивтік әдістері қолданылды.

Курс қорытындысы бойынша Институт директоры М.Д. Қаражанов сертификаттар тапсырды. Дәріскер интерактивтік тақтаны пайдалана отырып белсенді түрде кейс әдісін, зерттеу әдістерін қолданды.

Курс қорытындысы бойынша Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институтының директоры, PhD доктор М.Д. Қаражанов Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы нысандағы сертификаттар тапсырды.