Жаңалықтар

«Жалпы білім беру ортасына шоғырландырылған психикалық дамуында тежелуі бар балаларды психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру» (тәжірибе алмасу) тақырыбындағы дөңгелек үстел

Опубликовано 26.03.2016.

25.03.2016 жылы КазГЮИУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасы, №42 жалпы білім беретін орта мектеп және №9 «Айгөлек» ясли – бақшаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы екі жыл бұрын келісілген келісім шеңберінде кезекті дөңгелек үстел өткізді.

Екі жыл бойы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, бітіруші курс студенттерінің қатысуымен арнайы ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілді. ПДТ бар балалардың танымдық үрдістерімен эмоционалды бұзылуларына диагностикалық зерттеулер өткізіліп, түзету сыныптарында оқитын ПДТ балалардың ата-аналарына педагогикалық білім беру бағдарламасы мен аталған балалардың ата- аналарымен жүргізілетін психолог әрекетінің мазмұны жасалды.

Зерттеу нәтижелерінен басқа – доцент, псх.ғ.к.  Т.Б. Рахимбердинов «ПДТ бар балалардың психологиялық ерекшеліктері»,  доцент, псх.ғ.к. Г.С. Турсунгожинованың «ПДТ диагностикалаудың көрсеткіштері»   тақырыптарындағы баяндамалары талқылауға ұсынылды.

Дөңгелек үстел жұмысында  КММ №42 жалпы білім беретін орта мектеп және КҚМК №9 «Айгөлек» ясли – бақшасының мұғалімдері, психологтары, дефектологтарынан басқа білім беру бөлімінің маманы А.С. Исабаева, Семей қаласының психологиялық – педагогикалық комиссиясының әлеуметтік педагогы И.А. Изотова қатысып,  КММ №42 жалпы білім беретін орта мектеп және КҚМК №9 «Айгөлек ясли – бақша базасында «Педагогика және психология» кафедрасымен атқарылған жұмыстарына оң баға беріп, дөңгелек үстелге қатысушылардың белсенділігімен, талқыланып отырған тақырыптың практикалық маңыздылығы атап көрсетілді.

Дөңгелек үстел тақырыбы бойынша ЖОО кітапханасы ұсынған оқулық, журнал, кітаптар көрмесі, сонымен қатар кафедра оқытушысы Н.В.Кононов құрастырған әдебиеттердің электрондық каталогы қатысушылардың қызығушылығын туғызды.

Кафедраның аға оқытушлары, магистрлер Г.Т.Дакина, Ш.О.Орынгалиева және КММ №42 жалпы білім беретін орта мектеп психологы Г.Р.Увалиеваның бірлесіп шығарған «Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен жүргізілетін психодиагностикалық және коррекциялық жұмыстар» атты оқу-әдістемелік құралына аға оқытушы, магистр Г.Т.Дакина презентация жасады.