Жаңалықтар

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына арналған аймақтық пәндік олимпиада»

Опубликовано 28.03.2016.

25 – наурыз күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, гуманитарлық факультет,  филология  кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша 11 сынып оқушыларына арналған аймақтық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау; ғылыми-зерттеу қызметі мүддесіне ынталандыру; дарынды оқушыларға қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау; оқушылар арасында ғылыми білімдерді тарату мен насихаттау болды. Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

І кезең – ұсынылған тақырыптар бойынша шығарма жазу.

ІІ кезең – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен арнайы әзірленген тест сұрақтарына жауап беру.

ІІІ кезең  – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен талдау жұмыстарын орындау.

Бітіруші түлектер арасында пәндік олимпиадаға  Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен ауылдарынан, Семей қаласының мектептерінен оқушылар қатысты.

Үш кезеңді қорытындылай  келе  ІІ – орын  2016-2017  оқу жылында оқу ақысынан 50 % жеңілдікті Тұрсынова Алтынай  иеленді. ІІІ – орын

2016-2017  оқу жылында оқу ақысынан 25 % жеңілдік Байспай Тотыға   бұйырды. Белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Осындай ұшқыр, білімді жастарды дайындап әкелген пән мұғалімдері де құр алақан қайтпай, алғыс хатпен марапатталды.