Жаңалықтар

«Қазіргі қоғамның дамуы: жастар көзқарасы» атты студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Опубликовано 30.03.2016.

2016 жылдың 28-29 наурызында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қазіргі қоғамның дамуы: жастар көзқарасы» атты студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Биылғы жылы Информатика және математика кафедрасының «Жастар және ғылым: инновациялық ғылымдар дамуының өзекті мәселелері» атты секциясына қатысу үшін берілген баяндамалардың саны 61 баяндама құрды. Конференцияға қатысушылар арасында Т.Ф. Горбачев атындағы КузГТУ (Ресей Федерациясы), М. О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің, Шәкәрім атындағы СМУ, Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдері және т.б. қатысты.

Конференцияға инновациялық ғылымдар дамуының өзекті мәселелерімен байланысты тақырыптағы баяндамалар ұсынылды.

29 наурыз күні біздің университеттің бас ғимаратында салтанатты түрде үздік студенттерді ерекшеленген дипломдармен марапаттау рәсімі өтті.

«Жастар және ғылым: инновациялық ғылымдар дамуының өзекті мәселелері» секция жұмысының қорытындысы бойынша комиссияның төрағасы мен мүшелері мынадай нәтижелер шығарды:

1 орын:

  • Тасқынбаев Аманбек («Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті, КазГЮИУ). Ғылыми жетекшісі: Жумабаева А.А.

2 орын:

  • Тлеубергенов Айбас («Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті, КазГЮИУ). Ғылыми жетекшіМахамбаев Д.Б.
  • Порохнова Надежда («Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару» мамандығының студенті, КузГТУ им. Т.Ф. Горбачева). Ғылыми жетекші: Россиева Д.В.
  • Еркінбек Жаксылык, Асанбеков Сүндет (ЕНУ им. Гумилева студенттері). Ғылыми жетекші: Сатпаева А.К.

3 орын:

  • Еркинбекова Меруерт (М. О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің студенті). Ғылыми жетекшіМавлитаева Г.А.
  • Громов Роман («Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті, КазГЮИУ). Ғылыми жетекші: Рахматуллина З.Т.
  • Сайлаубекова Диана (М. О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің студенті). Ғылыми жетекші: Сентаева А.

Конференция студенттерге келесі мүмкіндіктерді ұсынды:

  • білім берудің жаңғыртуға арналған ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өз ұстанымдарын мәлімдеуге;
  • студенттердің бастапқы деңгейінің кәсіби біліктілігін салыстыру;
  • кәсіби коммуникацияның және кәсіби сәйкестендірудің интерактивті нысандарын пайдалануға.

Бұл жоба студенттер арасында қызығушылық туғызды. Барлық қатысушылардың баяндамалары «Қазіргі қоғамның дамуы: жастар көзқарасы» атты студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағына енеді.