Жаңалықтар

Заманауи ғылымның күйі мен даму жолдары

Опубликовано 31.03.2016.

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ  УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қаласы) «Заманауи ғылымның күйі мен даму жолдары» атты   халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференция 2016 жылдың 20-21 сәуір күндері аралығында өткізіледі. Мақалалар 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

Конференцияның өтетін орны (20 сәуір): Қазақстан республикасы, Семей қаласы, Абай көшесі, 94, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университетінің № 1 ғимараты (10.00 – пленарлық отырысы) және Абай көшесі, 107, № 2 ғимараты (14.00 –секциялар отырысы).

Конференцияға қатысу үшін жас ғалымдар, мектеп, колледж және ЖОО оқытушылары мен магистранттар шақырылады.

 Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Ақпараттық технологиялардың мәселелері және даму перспективасы (жауапты хатшы: Жумабаева АсимаАскарбаевна, e-mail: asima83@mail.ru);
  2. Кедендік одақ шегіндегі тағам өнеркәсібінің техникалық реттелуінің даму перспективасы және жай-күйі

Жауапты хатшы: Жумабаева АсимаАскарбаевна, e-mail: asima83@mail.ru);

  1. Электроэнергетика және электротехниканың даму перспективасы

(жауапты хатшы: Жумабаева АсимаАскарбаевна, e-mail: asima83@mail.ru);

  1. Биология және қолданбалы биотехнологияның актуалды мәселелері

(жауапты хатшы: Тазабаева Куляш Аскаровна e-mail: kul_tazab@mail.ru);

  1. Дене шынықтыру және спорт – дене тәрбиесінің құралы ретінде

(жауапты хатшы: Тазабаева Куляш Аскаровна e-mail: kul_tazab@mail.ru);

  1. Білім беру үрдісіндегі теория мен практиканың интеграциясы

(жауапты хатшы: Тазабаева Куляш Аскаровна e-mail: kul_tazab@mail.ru);

Конференцияға қатысу үшін келесі құжаттарды және конференция материалын 2016 жылдың 10 сәуіріне  дейін кешіктірмей  конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша жауапты тұлғалардың электронды пошталарына жіберілу қажет:

  • төменде көрсетілген форма бойынша қатысушының өтініші;
  • талапқа сай өңделген баяндама тезисі;
  • ұйымдастыру шараларына қатысты төленген төлемақы квитанциясының сканерден өткізілген нұсқасы.

Өтініштер мен баяндама тезистерін электронды пошта бойынша бір хабарламамен жібере алады («Хабарлама тақырыбында» – «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің конференциясына ___ (қатысушының тегі)___»). «Хабарлама тақырыбын» орыс тілінде толтыруыңызды сұраймыз, өйткені пошталық бағдарламаларда қазақ тілі қаріптерін танылмайды.

Бір автордан (авторлар тобынан) секцияда сөз сөйлеу үшін бір баяндама тезисі ғана қабылданады.

 Конференция материалдарына қойылатын негізгі талаптар::

Мақала 4 беттен (беттері нөмірленбейді) аспайтын материалдан құралып, барлық жағынан 2,0 см қалдырылып, «Word» мәтіндік редакторымен, 12 өлшемді «Times New Roman» қаріпімен және жоларалық интервалы 1-мен терілуі тиіс.

Баяндаманың тақырыбы жол ортасында бас әріптермен, 1 бос интервалдан кейін жол ортасынаавтордың (авторлардың) аты-жөні, келесі жолдан университеттің атауы қала мен мемлекет  жазылуы тиіс. 2 бос интервалдан соң абзац арқылы мәтін жалғасады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада, мысалы [1, 33-б.],  ал әдебиеттер тізімі пайдалану ретімен баяндама мәтінінің соңынан көрсетіледі..

Материалдар жинағы конференция жұмысы басталғанға дейін басылып шығады деп жоспарлануда.

Ұйымдастыру алқасы материалдарды сұрыптау мәселесін өзі шешуге құқылы.

Конференцияны ұйымдастыру жарнасының сомасы 1000 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасына конференцияны ұйымдастыру және конференция  материалдарын электрондық данада алу шығындары кіреді.Төлемақы жасауға қажетті реквизиттер:

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

БИН 980440002042

Кбе 17

РНН 511700061447

ИИК KZ249260301112931003

БИК KZKOKZKX

Төлем мәні – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

Басқа қалалардан қатысушылардың жол, тұру және тамақтану шығындарын қатысушыларды жіберу жағы төлейді.

Конференцияда баяндама жасау туралы барлық сұрақтар бойынша қатысушылар тиісті секциялардыңжауапты хатшысына хабарласуы сұралады.

БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

 

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ

 

Иванов И.И.

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Семей қаласы, Қазақстан Республикасы

 

 

Баяндама тезистерінің мәтіні

 

 

Өтініш формасы:

  1. Қатысушының аты-жәні
  2. Жұмыс орны, қызметі
  3. Телефоны, e-mail
  4. Баяндаманың тақырыбы
  5. Секциясы
  6. Қатысу формасы (тікелей немесе сырттай)
  7. Техникалық жабдықтар қажеттілігі (иә, жоқ)

 

Баспадан шығару комиссиясы мүшелері конференция тақырыбына немесе талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды баспадан шығармауға құқылы.