Жаңалықтар

«Денсаулық – зор байлық» сайысы

Опубликовано 01.04.2016.

31.03.2016ж  КазГЮИУ-дың Студенттер үйінде қолданбалы  биология  кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Денсаулық – зор байлық» атты сайыс өтті.

Сайыста дойбы мен тоғызқұмалақтан студенттер өздерінің логикалық қабілеттерінін танытты.  Дойбыдан ұлдар арасында  үшінші орынды И-117 тобының студенті  Мұхаметжанов Нұржан, екінші орынды И-117 тобының студенті Тусупов Мақсат, бірінші орынды Ю-211 топ студенті  Макашев Суллеймен иеленді. Ал қыздар арасында  үшінші орынды И-21 тобының студенті Темірбек Алмагүл, екінші орынды  Г-315 тобының студенті  Омарбек Ботагөз және бірінші орынды И-123 тобының студенті Рашидова Мадина иеленді. Тоғызқұмалақ ойынында қыздар белсенділік танынтты: үшінші орынды И-11 топ студенті Шакирова Ақбота, екінші орынды Г-129 топ студенті Қайратова Інкар  және бірінші орынды И-21 топ студенті Қыдырбай Фариза  иеленді. Жүлделі орынға ие болған үш сайыскер арнайы мадақтау қағаздарымен марапатталды.