Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік әріптестеріміздің сапары

Опубликовано 02.04.2016.

2016 жылғы 28 наурыз – 2 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бойынша КазГЮИУ Информатика және математика кафедрасында Т.Ф. Горбачев атындағы КузГТУ өкілдері: ИИТМА ҒЗЖ директорының орынбасары, т.ғ.к. Дубинкин Д.М., т.ғ.к., доцент Сарапулова Т.В. және «Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару» мамандығының 5 курс студенті оқу практикасын өтті.

КузГТУ студенттері «Қазіргі қоғамның дамуы: жастар көзқарасы» атты студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысты, «Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару» мамандығының студенті Порохнова Надежда (ғылыми жетекшісі: Россиева Д.В.) 2 орын иегері болды.

Шетелдік ЖОО-мен әріптестік байланысты орнатуда келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқытылды:

  • «Кедеңдік одақ регламенті», «Сапа менеджментінің жүйелері» – КазГЮИУ ОӘЖ проректоры, т.ғ.д. Жарықбасова К.С.
  • «ҚР стандарттау мемлекеттік жүйелері» – Информатика және математика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Давыдова С.Г.
  • «Облачные технологии» – КузГТУ «Қолданбалы ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Сарапулова Т.В.

Академиялық ұтқырлық бойынша КузГТУ студенттері қаламыздың өндірістік кәсіпорындары «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» (Семей қ. бойынша филиал) және «Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті» (Семей қ. ШҚО бойынша) мемлекеттік мекемесінде оқу практикасын өтті.

КузГТУ оқытушылары мен студенттері университетіміздің материалдық базасымен, Семей қаласының Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық кітапханасымен және мұражайларымен танысты.