Жаңалықтар

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ стипендиясы

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 08.04.2016.

 

Күндізгі оқу бөлімі студенттерінің оқу, ғылым және шығармашылық жетістіктері үшін жыл сайын ҚазИГЗУ Ректорының және әлеуметтік серіктестердің стипендиялары тағайындалады.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша 3-курс студенті Мұнарбаев Айдар 2015-2016 оқу жылына «Қазақстан Халық банкі» АҚ Семей филиалының атаулы Стипендиясын иеленді.

Мұнарбаев Айдардың кандидатурасы банктің келешек резерв базасына енгізілді, жоғары оқу орнын тәмамдаған соң оған жұмысқа орналасуда артықшылық беріледі, сондай-ақ, банкте ақысыз негізде тәжірибеден өту мүмкіндігі ұсынылады.

Мұнарбаев Айдарды Атаулы Стипендияның иегері атануымен құттықтаймыз! Оқуда табыс және биіктерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!