Жаңалықтар

«ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ» атты ғылыми-тәжірибелік семинар

Опубликовано 11.04.2016.

2016 жылдың 8-сәуірінде «Қаржы және есеп» кафедрасында «ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – қаржы саласындағы мамандарды дайындау сапасын жоғарылатудың негізгі мәселелерін айқындау және талқылау.

Іс-шараға қаржы ұйымдарынан жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Олардың қатарында Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, «Нұрбанк» АҚ Семей қаласындағы филиалының, «Сбербанк России» АҚ еншілес ұйымының, «Forte Bank» АҚ Семей қаласындағы филиалының, «Хоум Кредит» АҚ еншілес ұйымының, «Standard» сақтандыру компаниясы» АҚ, “МФО “KMF(КМФ)” ЖШС өкілдері болды.

Модераторлар «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, РФ э.ғ.к. Турдиева З.М. және экономика магистрі, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Шойбакова Е.О. семинардың мақсатымен, міндеттерімен таныстырды.

Семинар барысында экономика ғылымдарының магистрі, «Қаржы» мамандығының эдвайзері Аналбаева Назгүл Габдулхакқызы «Білім беру үдерісіне қойылатын заманауи талаптар» тақырыбы бойынша, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Молдажанов Марат Бетимбайұлы «Мамандарды дайындау сапасының мәселелері» тақырыбы бойынша баяндамамен сөз сөйледі. Сондай-ақ қаржы саласының өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.