Жаңалықтар

«Биотехнология» мамандығының 3, 4 – курс студенттері Алипбекова Арай, Мұхтарова Жібек және Досан Еркежан ғылыми-конференциядан жеңіспен оралды.

Опубликовано 17.04.2016.

2016 жылдың 14 сәуірінде Астана қаласында, «Ғылым және білім 2016» атты ХІ Халықаралық ғылыми-конференциясы өтті.

Осы конференцияда ғылыми жетекшілері биология ғылымдарының кандидаты, доцент Силыбаева Батияш Мукановнаның, Омархан Эльмира Қайырғазықызының басшылығымен 3 курс студенттері Алипбекова Арай Бауржановна,  Мұхтарова Жібек Біржанқызы «Investigation of algae of freshwater and their usage» атты тақырыптарымен  жақсы нәтиже көрсетіп, 1- дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ ғылыми жетекшілері биология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Силыбаева Батияш Мукановна, Қыдырмолдина Айнұр Шаймұратовнаның басшылығымен 4 курс студенті Досан Еркежан Жумаканкызы «Галофитті өсімдіктер түрлерін биотехнологиялық объект ретінде маңызын қарастыру» тақырыбымен алғыс хатпен марапатталды.

Кафедра атынан құттықтаймыз! Жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!