Жаңалықтар

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша VII республикалық ЖОО арасында пәндік олимпиадаға қатысу

Опубликовано 18.04.2016.

2016 жылдың сәуір айының 14-15 күндері аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық  университет базасында 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша VII республикалық ЖОО арасында пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға информатика және математика кафедрасының аға оқытушы Смагулова М.Г. жетекшілігімен  3 курс   И-315 тобының студенттері Р. Дүйсенова, А. Халел, М. Қалмұхаметова  қатысып, жақсы көрсеткіштер көрсетті, алғыс хатпен марапатталды.

ҚарМТУ ректоры ҚР ҰҒА Академигі Газалиев А.М. студенттердің олимпиадаға белсене қатысқаны үшін КазГЮИУ ректоры Құрманбаева Ш.А. мен ғылыми жетекшісі информатика және математика кафедрасының  аға оқытушысы Смагулова М.Г. алғыс хаттармен марапаттады.