Жаңалықтар

«Биотехнология» мамандығының 2 – курс студенттері Құсманғазинов Әділ, Андрашев Дархан және Мусабаева Молдир ғылыми-конференциядан жеңіспен оралды.

Опубликовано 18.04.2016.

2016 жылдың 11-14 сәуір аралығында Алматы қаласының Қазақ ұлттық Әл-Фараби атындағы университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың «Әл-Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми-конференциясы өтті.

Осы конференцияда ғылыми жетекшілері биология ғылымдарының кандидаты, доцент Қыдырмолдина Айнұр және Букабаева Жаңылханның басшылығымен 2 – курс студенті Құсманғазинов Әділ «Семей аймағында кездесетін су өсімдіктерінің биологиясын және химиялық құрамын анықтау» тақырыбымен 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.  Сондай-ақ ғылыми жетекшілері биология ғылымдарының кандидаты, доцент Күләш Тазабаева және Эльмира Омарханованың басшылығымен Мусабаева Мөлдір «Дәрілік өсімдік бұрыш жалбызды зерттеу, одан сироп алу технологиясын қарастыру» және ғылыми жетекшілері биология ғылымдарының кандидаты, доцент Силыбаева Батияш Мукановна, Сексенбаева Айнұр Қыдырбаевнаның басшылығымен Андрашев Дархан «Жабайы өсімдіктерден сабын алу жолдарының технологиясын қарастыру» атты тақырыптарымен  жақсы нәтиже көрсеткені үшін грамотамен, сертификатпен марапатталды.

Құттықтаймыз! Жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!